Маңғыстауда тұрғындар қосалқы шаруашылықтардан шыққан жағымсыз иістен зардап шегіп отыр

Сельское хозяйство, фермерское хозяйство, ферма, коровы, скот, скотоводство, крупный рогатый скот , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 15:55 Фото: primeminister.kz
Маңғыстауда Қызылтөбе ауылының тұрғындары елдімекен жанындағы қосалқы шаруашылықтардан шыққан жағымсыз иістен зардап шегіп отыр.

Мәселенің туындағанына 3 жылдай болған. Әкімдік тұрғын үйлерден 100 метрдей жерден кәсіпкерлерге мал ұстайтын орын беріп тастаған. Оған қоса, осы кәсіпкерлік нысандардың кесірінен электр жарығы да әлсіз, — дейді тұрғындар.

"Мазалайтын мына иіс өздерің көріп тұрсыңдар ғой, иісті. Мынау қайта қыс айы ғой ертең көктем айында тіпті жаман болады, жата алмаймыз. Сосын бұларда түйе, тауық, мал, бәрі бар, көктемде осы малды шығарып жібереді, осы көшеде жүреді, сосын үйдің алдында жүреді. Балаларды қуады түйе." Еркін Жексенбиев, Қызылтөбе ауылдық округінің тұрғыны

Әкімдіктегілердің айтуынша, Қызылтөбе-2 елді-мекенінің шетінде 4-5 қосалқы шаруашылыққа жер берілген. Соның бірінде кәсіпкер жылқы бордақылаумен айналысады. Мәселе осы шаруашылықта болып шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебі иесі малдың қиын шығармай, антисанитарлық жағдай туғызған. Кәсіпкер аумақты тазалауға бір апта уақыт сұрады. Ал электр жарығы бойынша ауылға қосымша трансформатор қойылатын болды.

"Оған қосымша біз СЭС-ке хабарлама беріп, СЭС арқылы бұны тексеретін боламыз. Квадратурасына қанша мал бағу керектігін нормативтерін қарап, қосымша шарасын алатын боламыз. Бірақ свет әлсіз. Өткен жылы бір трансформатор қосқанбыз. Тағы да қосымша трансформаторлар қосу қажет болады. Расчеттарын жасап жатырмыз, алдағы уақытта мәселе шешілетін болады." Наурызбек Сүйіт, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: