Жамбыл облысында көлікке заңсыз LED шамдарын орнатқан жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында көлікке заңсыз LED шамдарын орнатқан жүргізуші ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 17:50 Сурет: polisia.kz
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 523-шақырымында полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің көлікке алысқа түсетін жарыққа арналған LED шамдарын заңсыз орнатқаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушінің бұл құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайта жасағанына байланысты оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Іс-шараның екінші күні барысында барлығы 569 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

  • көлікті заңсыз қайта жабдықтау бойынша – 23 дерек;
  • міндетті техникалық байқаудан өтпеу – 60 дерек;
  • жылдамдықты асыру – 71 дерек;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 60 дерек;
  • масаң күйде көлік жүргізу – 8 дерек тіркелді.

Полиция қызметкерлері көлік құралдарын заңсыз өзгерту жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін еске салады және барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: