Жамбыл облысында көлік нөмірін әдейі қағазбен жапқан жүргізуші жауапқа тартылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 11:57 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 487-шақырымында нөмірі анық көрінбеген KIA K5 автокөлігін байқап, тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптік-цифрлық белгілердің бір бөлігі қағазбен әдейі жабылғаны анықталды.

Бұл бейнебақылау камералары арқылы мемлекеттік нөмірді толық көруге және көлікті сәйкестендіруге кедергі келтірген.

Жүргізушіге қатысты заң аясында шара көрілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы, облыс көлемінде жыл басынан бері мемлекеттік нөмірін жасырған 88 құқық бұзушы анықталды.

Қазіргі уақытта өңірде республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: