Ақтөбеде екі такси жүргізушісі көлік басқарудағы шеберлігі үшін марапатталды
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде 2025 жылғы 16 қаңтарда Жеңіс Бигалиев пен Айбек Куловқа көлік жүргізудегі тәжірбиесі үшін полиция қызметкерлерінен алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдегі ПД ақпаратынша, марапаттау "Тасымалдаушы" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген. Онда 10 жылдан астам уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған такси жүргізушілері марапатталды.
"Мен әрқашан полицейлер тек айыппұл салады деп ойлайтынмын. Бүгін мен олай емес екеніне көз жеткіздім. Полицейлердің мені құттықтап, алғыс хат бергеніне қуаныштымын",- деді Жеңіс Бигалиев.
Оның 25 жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар.
Бұған дейін Павлодарда отбасылық жұптың телефон алаяқтарына көмектескендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript