Тараз қаласы прокуратурасының шаралары бойынша білім беру ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды

Госслужба, планшеты, детали, заседание, совещание, зал заседаний, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 10:26 Фото: senate.parlam.kz
2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаратын білім беру мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәтижесінде "Бәйдібек" қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны анықталды.

Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өрт-техникалық, Еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылып, 36 бала білім алған.

Бұзушылықтар бойынша Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеудің күшін жою туралы талап қою енгізді.

2024 жылы 8 қазанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен аталған мекеменің қызметін тоқтату, тарату және есептік тіркеуден шығару туралы шешімі шығарылған.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Осыған байланысты прокуратура заңды тұлға құру және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметін жүзеге асыру заңсыз болып табылатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: