Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй газсыз қалды

Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй газсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 12:08 Сурет: aimaq.kz
2025 жылдың 16 қаңтарында белгісіз біреулер Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Захарова көшесінің бойына кәріз құбырларын тартпақ болып, газ құбырын зақымдаған. Қазір қаланың бір бөлігінің тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ хабарламасына сәйкес:

"2025 жылдың 16 қаңтарында белгісіз біреулер бөгде кәріз құбырларын тарту мақсатында жер асты қазу жұмыстарын жүргізген кезде жер асты орта қысымды газ құбырының учаскесіне зақым келген. Оқиға жеке тұлғалардың кәсіпқой емес әрекеттерінің салдарынан асфальт жабынының тесілуі орын алған".

Жұмыс барысында газ беру уақытша тоқтатылады:

  • көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер;
  • 2543 жеке сектордағы үйлер;
  • 67 коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Қауіпсіздік мақсатында жергілікті тұрғындардан жұмыс кезінде газ шүмектерін жауып, іске қосу жұмыстары аяқталғанша ашпауды сұрады.

Дәл осындай жағдай 2024 жылдың желтоқсан айында Сарыағаш қаласында да болған. Апатқа BMW көлігінің жоғары қысымды газ құбырына соғылуы себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: