Жүк көлігімен болған апат салдарынан Алматының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды
Сурет: Instagram/nazira.asylbekqyzy
Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жеке жүк көлігінің орташа қысымды газ құбырын соғуы салдарынан Алматының Наурызбай ауданындағы бірнеше шағын аудан газсыз қалды.
Төтенше жағдай 2024 жылдың 20 ақпанында сағат 21.50 шамасында болды. Жұмыс топтары оқиға орнына жедел аттанды. Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, апат салдарынан магистральдық газ құбыры зақымданған. Қазір апатты қалпына келтіру жұмыстарына мегаполистің барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылған.
Газсыз қалған үйлердің тұрғындарын апатқа түсіністікпен қарауды және барлық қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуын күтуді сұрады. Сағат 8:30-да барлық жұмыстар аяқталды. Газды кезең-кезеңімен беру басталды.
Өткен аптада Маңғыстау облысында да жүк көлігі әуедегі газ құбырына соғылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript