БҚО-да тағам тасушылар алкоголь тасымайтын болды
Фото: pexels
Бұдан былай Батыс Қазақстан облысында "Yandex", "Walt", "InDrive" сияқты тамақ жеткізушілер түнгі уақытта алкоголь өнімдерін тасымалдамайды.
Қылмыстың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер меморандумға қол қойды.
Өйткені өңірде отбасындағы қылмыстардың 70% және қоғамдық орындағы құқықбұзушылықтың 22 % мас күйінде жасалған.
Елімізде мейрамхана, дәмханаларды қоспағанда, түнгі уақытта алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынған.
Соған қарамастан түнде арақ-шарап сатқан 40 алкомаркеттің 15-і бір айға лицензиясынан айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде мас күйінде жасалған қылмыстар саны 17% төмендеген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript