Қарағандыда түнгі уақытта алкоголь сатқан кәсіпкер лицензиясынан айырылды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 14:12 Фото: pexels
Қарағанды қаласында алкоголь өнімдерін түнгі уақытта заңсыз сату дерегі анықталып, соның салдарынан сауда нысанының иесі лицензиясынан айырылды.

Алкогольді шамадан тыс тұтыну көп жағдайда келеңсіз салдарға және құқық бұзушылықтарға әкелетіні белгілі. Аталған оқиға өңірдегі дүкендердің бірінде түнгі уақытта спирттік ішімдіктің заңсыз сатылуы нәтижесінде орын алған.

Тергеу органдарының ұсынымы негізінде сауда нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салынғанына қарамастан, кәсіпкер заң талаптарын бірнеше рет бұзған.

Оқиға салдарынан бір топ жас спирттік ішімдік тұтынған, нәтижесінде жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілсе, екінші қатысушы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сот материалдарды жан-жақты қарап, куәлардың айғақтарын ескере отырып, кәсіпкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған айыппұл салынып, этил спирті мен алкоголь өнімдерін өткізуге байланысты қызметпен айналысу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері аталған бап бойынша 186 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 54 дерек кәмелетке толмағандарға алкоголь сату фактілеріне қатысты болса, 132 жағдай түнгі уақытта спирттік ішімдіктерді заңсыз сату деректері бойынша тіркелген.

Қарағанды облысы полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: