Тоқаев Путинді құттықтады

Тоқаев Путинді құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 11:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды", - деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: