Өндірушілер өздері жасаған сапасыз жиһаз үшін БҚО тұрғынына 1,6 млн теңге өтемақы төледі

Өндірушілер өздері жасаған сапасыз жиһаз үшін БҚО тұрғынына 1,6 млн теңге өтемақы төледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 10:15 Сурет: pixabay
БҚО тұрғыны сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне отырып, сатып алынған сапасыз ас үй жинағы үшін қаражатты қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, сатушы жиһаз қаражатынан бөлек, моральдық залал, тұрақсыздық айыбы және сот шығындары үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ас үй жинағы орнатылғаннан кейін, оның сапасы нашар екендігі бірден байқалған. Мәселен, гарнитурадағы сызаттар мен жырықтар, нашар орнатылған пеш және сорғыш. Сондай-ақ желдеткіш шулы дыбыстар шығарса, шамдар үнемі жыпылықтап тұрған.

Департамент маманы Әйгерім Төлепова сатушының басты қателігі — клиенттің талаптарын елемеу екенін атап өтті.

Сот келісімшартты бұзып, келесідей қаулы шығарды:

  • жиһаздың құнын қайтару-941 800 теңге;
  • кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу-508 572 теңге;
  • моральдық зиянды өтеу — 50 мың теңге;
  • сот шығындарын өтеу – 150 мың теңге;
  • мемлекеттік бажды төлеу — 16 350 теңге.

Нәтижесінде өтемақылардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден асты.

Бұған дейін Қазақстан полициясының трансұлттық есірткімен айналысатын қылмыстық топты құрықтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: