Жыл басынан бері алаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген
Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері қалада 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелді. Қайталанатын қылмыстық әрекеттердің салдарынан азаматтар 25 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Тергеу басқармасы көп эпизодты үш қылмыстық істі қарастырды.
Зардап шеккендердің саны 300-ден 1400 адамға дейін жеткен.
Екі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Ал үшінші іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Жедел ахуалды тұрақтандыру мақсатында полиция халықпен тығыз жұмыс істеуде.
Негізгі бағыттардың бірі – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Бұл БАҚ арқылы, көшелер мен қоғамдық орындарда алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы ақпараттық жадынамалар тарату арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар алаяқтықтың жаңа әдістері, оларды жасау жолдары және алдын алу шаралары бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript