Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін айтты

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 10:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) бүгін, 21 қаңтарда 2025 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 552,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.

2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,9 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5 %-ға артты.

Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері

  • 1-топ үшін – 101 702 теңгені,
  • 2-топ үшін – 81 362 теңгені,
  • 3-топ үшін 55 474 теңгені құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 60 407 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңгені құрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: