Үштөбеде полиция қызметкерлері блогерді ұстады

Үштөбеде полиция қызметкерлері блогерді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 17:15 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері ақша бопсалаған жергілікті блогерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, ол қала тұрғындарына арналған үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден бұрын түсірілген сапасыз құрылыс туралы бейнероликті, әлеуметтік желідегі өз парақшасынан өшіру үшін және бұдан былай бейнематериалдарды жарияламауға әрі таратпауға уәде беріп, 10 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді.

Нәтижесінде Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, күдіктіні талап етілген ақшалай қаражаттың бір бөлігі, яғни 7 млн теңгені алып жатқанда ұстады.

Аталған факт бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: