Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған "криминал" кафе бұзылатын болды

Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған "криминал" кафе бұзылатын болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 18:53 Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған кафені бұзы жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде орналасқан "Акшатау" кафесінде 2024 жылдың алты айында бес қылмыс тіркелді, оның ішінде бұзақылық, ұрлау, тонау қылмыстары бар. Сонымен қатар осы уақыт аралығында полицияның 102 нөміріне 47 шақырту түсті.

Полицияның мәліметінше, қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің маңында орналасқан кафе айналасындағы тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық тудырған.

Таңнан бастап түн ортасына дейін жұмыс істейтін мекеменің маңында мас күйдегі адамдардың жиі жүруі, айналаны ластауы және тыныштықты бұзу полицияның күнделікті рейд және профилактикалық шараларының нысанына айналды.

Осының негізінде сот ғимаратты бұзу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта шілде айында жұмысын тоқтатқан мекеменің ғимаратын бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: