Депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру жайлы: заманауи автомобильдер арнайы құралдармен жабдықталған
Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы вице-министрі, қазіргі сенат депутаты Марат Қожаев 2025 жылғы 23 қаңтарда палатаның кулуарларында қыста көлікті қыздыру бойынша енгізілген норманың объективті және "орындауға болатындығын" алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марат Қожаев бұл норма экология мен халықты зиянды шығарындылардан қорғау үшін енгізілгенін атап өтті.
"Бұл норма көліктің гуілі ұйықтап жатқан балаларды оятып, адамдарды алаңдатпау үшін енгізілді. Осы нәрселер заңмен реттелуі керек, әйтпесе қоғам мүшелері ойына келгендерін жасайды, 5 минут көлікті қыздыру үшін жеткілікті. Себебі, қазіргі заманауи автомобильдер арнайы құралдармен жабдықталға",- деді ол.
Сонымен қатар, сенатордың пікірінше, бүгінгі күнгі автомобильдердің майлары олардың тез қызуына ықпал ету үшін жасалған.
Журналистер одан ескі көлік иелерінің не істейтіндігін сұрады.
"Олар уақыт өте көліктерінің жарамсыз болған кезінде, жаңа көліктер сатып алады. Әзірге, әрине заңды бұзса айыппұл төлейді. Сіз заңның мәтініне назар салыңыз, онда "тұрғын аудандарда, аула аумақтарында, егер бұл азаматтарға қолайсыздық тудырса" делінген, яғни заң "түннің ортасында сағаттап көлігін қыздыратындарды емес" біздің құқығымызды қорғайды",- деді депутат.
Бұған дейін осы мәселе бойынша Экология министрінің эксперимент жүргізгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript