Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген
Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оралдағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес, тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Полиция келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек екенін ескертті:
- Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабының 2-бөлігі);
- Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабының 4-бөлігі).
Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
"Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған", - деп ескертті полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript