Алматыда жауған қалың қардан кейін 24 мың текше метр қар шығарылды

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жиналған қар жайында ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 09:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
22-23 қаңтарда Алматы қаласында жауған қардың қалыңдығы 18 см-ге жетті. Осыған байланысты коммуналдық қызмет қарды күреу мен шығару жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды.

Түнгі уақытта қарды шығару үшін 161 жүк көлігі жұмылдырылды. Қар жауғаннан бері 24 мың текше метр қар шығарылды.

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жолдарды тазарту мақсатында 442 арнайы техника, оның ішінде 175 тартылған көлік қолданылды. 1280 жұмысшы жолдарды тазалауға кіріссе, оның ішінде 257 адамы қосымша тартылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілуде.

"24 қаңтар күндізгі уақытта 448 арнайы техника мен 1192 жұмысшы жұмылдыру жоспарланып отыр." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

"Қазгидромет" РМК болжамынша 24 қаңтарда күн алабұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндізгі ауа температурасы -10…-12°С шамасында болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: