Қазақстандықтарға алаяқтар ұрлаған ақшаны "қайтаруға" тағы бір мәрте уәде берілді
Stopfake.kz мамандары бұл ақпараттың жалғандығын айқындайтын бірнеше белгі бар екендігін айтады.
Бірінші. Қызмет Үкіметтің жарлығымен құрылды деген жалған мәлімдеме. Мәтінде Киберпол және ҰҚШҰ сияқты ұйымдар туралы айтылады, бұл ресмилік сезімді тудырады. Алаяқтар адамдардың белгілі құрылымдар мен мемлекеттік органдарға сенетінін біледі.
Мұны тексеру қиын емес: Қазақстан үкіметінің сайтында мұндай жаңалық жоқ.
Екінші. Атақты адамның фотосуретін пайдалану. Жарнамада ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың 2024 жылғы наурыздағы жаңалықтар мақаласынан алынған суреті пайдаланылған.
Бұл фотосуреттің жалған қызметке қатысы жоқ.
Үшінші. Фишингтік сілтеме. Алаяқтардың сайтында домендік аймақта тіркелген порталға апаратын "бізбен байланысу" батырмасы орналасқан. Бұл домен бастапқыда итальяндық және испандық қолданушыларға бағытталған, қазір ол барлық адамдар үшін ашық.
Қазақстанға "kz" домендік аймағы бекітілген. Барлық мемлекеттік ұйымдар бұл атауды ғана пайдаланады.
"Маңызды! Деректеріңізді белгісіз сайттарға жібермеңіз. Алаяқтар сіздің ақпаратыңызды теріс мақсатта пайдалана алады", – деп ескертеді сарапшылар.