Қостанай облысында бес адам мінген көлік қарда батып қалған
Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері қар құрсауында қалғандарға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында бес адам, оның ішінде екі бала мінген жеңіл көлік жолдан шығып, қарда батып қалған.
Құтқарушылар вахтовкамен оларға жетіп, көлікті қардан тартып шығарып, оларды жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
"ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript