ТЖМ қызметкерлері науқасты ұшу алаңында күтіп тұрған санитарлық авиация ұшағына дейін жеткізді

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері науқасты тасымалдауға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
112 пультіне Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 7 шақырым қашықтықта, 1949 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет екені туралы хабарлама түсті.
Жолдың болмауына байланысты жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмаған.
ТЖМ қызметкерлері "Байкал" қар-батпақ көлігінің көмегімен науқасты ұшу алаңында күтіп тұрған санитарлық авиация ұшағына жеткізді.
Әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз