ТЖМ қызметкерлері 3 500 метр биіктікте аяғы сынған адамды құтқарды

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері 3 500 метр биіктікте аяғы сынған адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Іле Алатауы тауларында Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаны туралы хабар түсті.
ТЖМ "РЖҚЖ" жедел тобы тез арада жолға шықты.
"Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте зардап шеккен адамды тауып алды. Оның сол аяғы сынған", - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетіп, кейін оны йШымбұлақй тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript