ТЖМ қызметкерлері мұз құрсауынан жылқыларды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері мұз құрсауынан жылқыларды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 17:45 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қызылордадағы "ПМК-29" саяжайы маңындағы Қалғандарияға мұз қатып, екі жылқы жағасынан 300 метр қашықтықта мұздан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар құтқару арқанының көмегімен екі жылқыны мұздан қауіпсіз аймаққа шығарды. Зардап шеккендер жоқ, жануарлар тірі.


"Құтқару операциясын Құтқару бөлімшесінің басшысы Паримов Қанат басқарды. Оның айтуынша, Қалғандарияның бетіне мұз қатып қалған. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, құтқарушылар малды аман есен жағаға алып шығарды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жылқылардың иесі өз алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: