Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да өзеннен ақбөкен өлексесі табылды

Өзеннен өлі ақбөкендер табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 10:35 Сурет: видеодан скриншот
Батыс Қазақстан облысындағы өзенде 20 шақты киік өліп, мұз қатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz .

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Оның Қазталов ауданына қарасты Көктерек пен Жұлдыз ауылдарының арасында түсірілгенін автор Айболат Бөкенов Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Мой город" порталының хабарлауынша, ауыл тұрғындары көктемде мал өлекселері қауіпті аурулардың ошағына айналуы мүмкін деп қауіптенеді.


Қазталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев ақбөкендердің шынымен де өзеннен өту кезінде су қоймасында қырылғанын айтты.

"Мұз өте қалың. Қазір учаскеде Бөкейорда қорығы мен "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, олар мал өлексесін кешке дейін алып тастайды. Осыдан кейін акт жасалып, кәдеге жаратылады.Рүстем Зұлқашев

Басылымның хабарлауынша, өлекселердің шығыны есептеліп болған соң кәдеге жаратылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: