Қазақстанда тағы бір автожол бүгіннен бастап ақылы болды

Қазақстанда тағы бір автожол бүгіннен бастап ақылы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2025 16:12 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда-Арал автожолы бүгін, 26 қаңтардан бастап ақылы болды, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

  • "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автожолының "Қызылорда – Жезқазған" учаскесі,
  • "Жезқазған – Петропавловск" республикалық маңызы бар автожолының "Жезқазған – Арқалық" учаскесі,
  • "Арқалық – Торғай" облыстық маңызы бар автожолы,
  • "Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз" аудандық маңызы бар автожолы,
  • "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының "Ырғыз – Арал" учаскесі;
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: