Қазақстанда 11 мамырдан бастап тағы бір автожол ақылы болады

Қазақстанда 11 мамырдан бастап тағы бір автожол ақылы болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 18:20 Сурет: "ҚазАвтоЖол"
11 мамырдан бастап "Балқаш-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Балқаш-Бурылбайтал" автомобиль жолының 1864-1955-шақырым аралығындағы учаске ақылы болады.

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.

Балама тегін жол  "Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: