2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат өз қаражатын жалған инвестициялық қорларға салған

2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат өз қаражатын жалған инвестициялық қорларға салған, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2025 17:56 Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект пен таргеттік жарнаманың көмегімен жасалатын алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таргеттік жарнама - бұл әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда ақпаратты белсенді түрде ілгерілету мақсатында қолданылатын әдіс. Оны бүгінде алаяқтар да пайдалануда. Бұл жалған инвестициялық қорлар немесе алаяқтар ұрлаған қаражатты қайтаруға бағытталған қызметтер болуы мүмкін.

Жарнама жасау кезінде кибералаяқтар танымал тұлғалардың, адвокаттардың видеоларын негізге ала отырып, халықты сендіру үшін оны жасанды интеллект арқылы бұрмалайды.

2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат өз қаражатын жалған инвестициялық қорларға салған.

Адамдар жоғалтқан ақшаларын қайтару үшін басқа алаяқтардан көмек сұрап, одан да үлкен сомадан айырылатын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны тауарды онлайн түрде сатып алуға жұмсаған 40 мың теңгесін қайтарғысы келіп, басқа алаяқтардың құрығына түсіп, 11 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. 

Алаяқтық жарнамаларды қалай тануға болады:

  • Жарнамалар оңай ақша табу мен тез баюдың жолдарын уәде етеді;
  • Сілтемелер кері байланыс көрсетілмеген немесе лицензиясыз күмәнді сайттарға апарады;
  • Карта, жеке куәлік немесе өзге де дербес деректерді енгізуді талап ететін сұраныстар;
  • Агрессивті маркетинг және "мүмкіндікті жіберіп алмау" туралы ұсыныстар;
  • Инвестициялық қор менеджерлерінің тынымсыз қоңыраулары;
  • Жарнамаға қатысатын танымал адамдардың бет әлпетіне назар аудару, ерін қозғалысы мен дауыстың бір-біріне сәйкес келмеуі. 
"Сақ болыңыз және күмәнді ұсыныстарға алданбаңыз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз", - деп атап өтті ІІМ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: