Абай облысында мектеп оқушысы мыңға жуық асық жинаған

Абай облысында мектеп оқушысы мыңға жуық асық жинаған , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 10:14 Сурет: dimashnews
Ақсуат ауданының 13 жасар тұрғыны Нұраян Амантай мыңға жуық асық жинаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұраянның коллекциясында 902 асық бар, ол оларды үш жыл бұрын жинай бастаған. "24 kz" дерегінше, мектеп оқушысы бүгінде асықтарының санын мыңға жеткізбекке бел буып отыр. Ұлттық ойынды жақсы меңгерген коллекционер енді достарын да үйрете бастаған.

Оның айтуынша, асық ату ойынын оған сегіз жасында ағасы үйреткен.

"Ойын бірден ұнады, сол кезден бастап қызығушылығым пайда болған болатын. Содан кейін ерекше асықтарды жинап бастадым. Осылайша, үлкен коллекция жинақталды. Менің ойымша, асықтарымның санын мыңға жеткізу көп уақыт алмайды",- деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда инвесторлар тізілімін құру жоспарлануда екені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: