Былтыр елден 13 мыңға жуық адам көшіп кетті

Алматы-1, вагоны, железнодорожный вокзал, железная дорога, ЖД вокзал, поезд, пассажиры, расписание поездов, КТЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 15:06 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өткен жылы басқа мемлекетке 13 мыңға жуық азамат көшіп кетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр 29 948 адам Қазақстанға қоныс аударса, 12 784 азамат елден кеткен.

Дегенмен бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол елдерден келгендердің үлесі 81 пайыз болса, сонда кеткендердің үлесі 75 пайызға жуық.

2024 жылғы көші-қон

Көшіп келді – 29 948 адам

Көшіп кетті – 12 784 азамат

2023 жыл – 16 055 адам

2024 жылы 20%-ға азайды

Көші-қон – 17 164 адам

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: