Аудиторлар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қандай бұзушылықтар тапты

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, расчёт , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 14:14 Фото: pexels
Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов 2024 жылғы тексеру қорытындысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) және оның филиалдарында табылған бұзушылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұржанов 2025 жылғы 27 қаңтарда Мәжілістегі Үкіметтік сағат барысында атап өткендей, аудитпен "ақылы қызметтер" және "міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен төлеу" санаттары бойынша бірыңғай төлем жүйесінің деректері салыстырылды.

"Жеке басы анықталған белгілі бір тұлғаларға ақылы қызметтер есебінен де, ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен де 4,2 млрд теңгеге 10,4 мың қызмет көрсетілді", – деді Нұрлан Нұржанов.

Сондай-ақ, медициналық қызметтерді бірлесіп орындаушыларда 28 млрд теңгеге 56 млн медициналық қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттардың жоқтығы анықталды.

Бұл ретте МӘМС жүйесін жетілдіру жөніндегі 2023 жылға арналған Жол картасында көзделген "e-Densaulyq архитектурасында медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін" іске асыру жөніндегі іс-шаралар атқарылмаған.

Пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана төрт өңірде "шарт", "мониторинг", "төлем" модульдерінің пилоттық режимін жүргізу жоспарлануда.


"Осылайша, аудит нәтижелері бойынша ықтимал шығындар мен жоғалған пайда әкелген анықталған фактілер көлемі 34 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберілді", – деді Нұржанов.

Бұған дейін Қазақстандықтарға Өзбекстанмен шекарадағы шектеулер туралы ескертілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: