Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтарға 8 млн теңгенің дәрісі рәсімделген
Нұрлан Нұржанов 2025 жылғы 27 қаңтарда Мәжілістегі Үкіметтік сағат барысында атап өткендей, аудит бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде және негізгі мемлекеттік органдарда бірыңғай ақпараттық ортаның жоқтығын анықтады.
"Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерін салыстыру кезінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға 8 млн теңгеге дәрі-дәрмек ресімдеу фактілері анықталды", – деді Нұрлан Нұржанов.
Ол бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін Saqtandyry қорының ақпараттық жүйесімен синхрондаудың болмауына байланысты екенін түсіндірді.
Аудиттелетін кезеңде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және ТМККК есебінен медициналық қызметтер көрсетуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану 31 млрд теңгені құрады, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты – 13,2 млрд теңге. Тиімсіздіктің негізгі себебі-сапасыз жоспарлау.
Бұған дейін қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы деректерді жинауға арналған нысандар бекітілгендігі хабарланған болатын.