Қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы деректерді жинауға арналған нысандар бекітілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 15 қаңтардағы бұйрықпен Қоғамдық кеңестер қызметі саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, келесі нысандар бекітілді:
- сандық және сапалық құрамы туралы мәліметтер
- жастық құрамы туралы мәліметтер
- кеңес қолданатын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру нысандары мен тетіктері туралы мәліметтер
- кеңестерге түскен өтініштерді қарау туралы мәліметтер
- Қоғамдық кеңестердің қызметін ақпараттық сүйемелдеу туралы мәліметтер
Нысан жарты жылда бір рет, 5 маусымға дейін және 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
Нысанға орындаушы және басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Бұйрық 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript