2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспары бекітілді

Археологи, археология, археологические раскопки, раскопки, археологические находки, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 15:47 Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы 2025 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен 2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспарын бекітті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспарына сегіз нысан енгізілді. Атап айтқанда:

Ортағасырлық Сығанақ қаласының некрополінде кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунак ата ауылы);

  • Қаратау жартас суреттерін зерттеу (Қызылорда облысы, Жаңақорған және Шиелі аудандары);
  • Торайғыр сақ қорғандары (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылы);
  • Әулиекөл некрополі (Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Қаражар ауылы);
  • Қимақ қағанаты кезеңіне жататын ескерткіштерде археологиялық жұмыстар жүргізу: Байдала және Боброво қорымдары (Павлодар облысы, Кенжекөл ауылы, Тереңкөл ауданы);
  • Қазақ мемлекеттілігі кезеңінің ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер: Қызылқақ және Жантай қорымдары (Павлодар облысы, Ертіс және Ақтоғай аудандары);
  • Борлы қонысы (Павлодар облысы, Аққулы ауданы);
  • Қостомар қонысы (Павлодар облысы, Ертіс ауданы).

Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: