Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 15:57 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері қымбат медициналық құрал-жабдықтардың ұрлану дерегін ашып, мекемелердің қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

2024 жылдың 26 желтоқсанында Көкшетау қаласындағы медициналық мекеменің басшылығы полиция басқармасына ұрлық туралы шағымданды. Залал көлемі 16 миллион теңгені құрады.

Жедел-тергеу шаралары барысында ұрлыққа аурухананың бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екені анықталды. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып, медициналық мекеменің оттегі цистерналарын, СМГ құрылғыларын және рентген аппаратурасын заңсыз иемденіп, автокөлікпен алып шыққан.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Полицейлер материалдық құндылықтарға қол жеткізуді қатаң бақылап, жабдықтардың қозғалысын мұқият тексеруді, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұсынады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: