Ақмолалық мұғалім алаяқтардың арбауына түсіп, 2,6 млн теңгеге несие рәсімдеген

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 10:15 Фото: freepik
Ақмола облысында алаяқтар өздерін арнайы органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, қысым көрсетіп, жергілікті тұрғынды ірі несие алуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл.news дерегінше, алаяқтық туралы арыз 21 қаңтарда Степногорск полиция басқармасына түсті.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтар оған алғашқы хабарламаны танысының атынан жіберген. Сондықтан да, әйел еш күдіктенбестен, қаскөйдің нұсқауларын орындаған.

Әрі қарай, алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етті: өздерін арнайы органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, оны соғыс қимылдарын қаржыландырғаны үшін қылмыстық қудалаумен қорқытты: олар әйелді оның атынан 3 млн теңге аударылғанына сендірді.

Сондай-ақ, алаяқтар жәбірленушіге қоңырау туралы үшінші тұлғалар білген жағдайда қылмыстық кодекс бабымен жауап беретінін айтып, қорқытқан. 

Осылайша, қылмыскерлерге сенім артып, әйел банктің жақын жердегі бөлімшесіне барып, 2 млн 632 мың теңге сомасына несие ресімдеді. Содан кейін ол бұл ақшаны алаяқтар берген бірнеше банктік шоттарға аударды.

Сол күні кешке алданған ақмолалық полицияға жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: