Алаяқтықтың жаңа тәсілі: "байланыс операторы" атынан қоңырау шалу қазақстандыққа 20 млн теңгеге түсті

Телефон, телефон в руках, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 14:03 Фото: pexels
Алаяқтар өздерін ұлттық байланыс операторының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын иемденуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 сәуірде Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Осындай фактілердің бірі Сарайшық ауданында тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында белгісіз тұлға өзін ұлттық байланыс операторы компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге қоңырау шалып, қосымша телеарналарды қосуға 30% жеңілдік бар екенін хабарлаған. Телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқ жәбірленушіні түрлі әрекеттерді орындауға көндіріп, оның ұялы телефонына қол жеткізген. Нәтижесінде жәбірленушінің ұялы телефоны уақытша бұғатталып, оның депозиттік шотынан 20 млн теңге көлеміндегі ақша қаражаты заңсыз иемденілген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамауға, сондай-ақ құпия кодтарды, банк карталарының деректерін және жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: