Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды
Сурет: akorda.kz
Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан көз жұмған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript