Саран қаласында сатушыны өлтірді деп танылған күдіктінің азаматтығы жоқ болып шықты

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 10:14 Фото: pexels
Азық-түлік дүкенінің сатушысын өлтірген 50 жастағы Саран тұрғыны әлемнің бірде-бір елінің азаматы емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Патриот" Telegram-арнасы ұсталған адамның адвокатынан оның клиентінің неліктен азаматығы жоқ екенін сұраған.

"Оның өзіндік тарихы, өмірлік қиындықтары бар. Қазақстан азаматтығын алмауына белгілі бір жағдайлар әсер еткен",- деп жауап берді адвокат Евгения Толстова.

Сондай-ақ, адвокаттың қызметін мемлекет төлейтіні белгілі болды, себебі күдіктінің жеке қорғаушыға қаражаты жоқ. Саран қалалық сотының судьясы Мадияр Батталов оны екі айға, яғни тергеу кезеңіне қамауға алды.

Айыпталушының айтуынша, оның кісі өлтіру ниеті болмаған. Ол тек сатушыны қорқытқысы келіпті, алайда одан қарсы шабуыл күтпеген. Белгілі болғандай, 22 қаңтарда таңертең ол Қарағандыдан Саранға таксимен келген, бірақ жол ақысын төлеуге қаражаты болмаған. Содан кейін ер адам жүргізушіге ұялы телефонын кепілге қалдырып, ақша әкелуге уәде берген.

Осылайша ол, жақын маңдағы дүкенді тонауға шешім қабылдапты.

"Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ерекше жағдайларда мерзім ұзартылуы мүмкін",-деп жазды "Патриот" Telegram-арнасы.

Тұтқындалған адам отбасылы. Қарағанды қаласының ЖШС-нің бірінде құрылыс мамандығы бойынша жұмыс істеді.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция 4 жыл бұрын жоғалған қызды іздеп тапқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: