Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтірді

Пышақтау, Қарағанды облысы, Саран қаласы, дүкен, ұры, сатушы, өлтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 21:54 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелген видео тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді. Ұры әйелдің кеуде тұсына пышақ сілтейді. Бұл фактіні Zakon.kz сайтына Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесі табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді", делінген хабарламада.

Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелерін бауыздады деген күдікпен 21 жастағы астаналықты ұстау сәтінің видеосы тараған.  Алдын ала болжам бойынша, жанжал телефонға байланысты шыққан.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: