Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына қырғидай тиюде. Полиция не дейді

Мектеп, гимназия, Астана, 9-сынып оқушылары, ұрып-соғу, үркітіп, қорқыту, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 22:49 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде елордалық мектеп-гимназиялардың бірінде жаппай ұрып-соғу фактісі тіркелген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода бірнеше жасөспірім оқушы құрдастарын мазақ етеді. Куәгерлердің айтуынша, 15 жасөспірім тұрақты негізде өз қатарластарын ұрып-соғып, үркітіп-қорқытумен айналысады. 

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

"Аталған факт бойынша оқиғаның барлық қатысушысы, тоғызыншы сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарының қатысуымен сұрақ-жауап алынды, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне алда құқықтық баға беріледі", деп жауап берді ведомстводан.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: