Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді
Құқық бұзушыларға қатысты аудан прокуратурасы мен шекара қызметі ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеп, тергеу нәтижесімен қылмыстық істер аудандық сотқа жолданды.
Сот үкімімен мигранттар 6 айға бас бостандығынан айыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығару жазасы тағайындалды.
Кейіннен, аудан прокуратурасының үйлестіруімен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен іс материалдары қосымша зерделеу барысында осы шетелдіктермен шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырған 3 жергілікті тұрғын анықталды.
Бұл заңсыз көші-қонның тұрақты арнасы ұзақ уақыт бойы әрекет етті.
2025 жылғы 21 қаңтарда ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осылайша, Қордай ауданында шекара аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының бірі тоқтатылды.