Алматыда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт пәкістандық ұсталды

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 қазанда Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады, деп жазды polisia.kz сайты.
"Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмысты жасаған", – делінген хабарламада.
Полицейлер қалаға келген шетелдіктер хостелге орналасқанын анықтады.
Пәкістан азаматтарының алдағы жоспары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болмақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript