Ұлттық ұлан әскерилердің ас мәзіріне қазақша етті, бауырсақ пен наурыз көжені қоспақшы

Ұлттық ұлан әскерилердің ас мәзіріне қазақша етті, бауырсақ пен наурыз көжені қоспақшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 18:00 Сурет: Telegram/qr_iim_uu
Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды. 

Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.

"Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам", - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген, себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты  қалпына келтіруге ықпал етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты. Алдағы уақытта осындай жұмыс ортақ күшпен жалғасады.  

"Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады. Дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар".Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: