Астанада 47 жастағы әйел өзгенің банк картасын пайдаланып сауда жасаған

Астанада 47 жастағы әйел өзгенің банк картасын пайдаланып сауда жасаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 18:19 Сурет: polisia.kz
Астанада 59 жастағы тұрғын банк картасынан бейтаныс адамдардың сауда жасағанын мобильді қосымша арқылы байқап, бірден полицияға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол банк картасын бір күн бұрын жоғалтып алған. Алайда картасын бұғаттауға асықпаған. Ал келесі күні оның шотынан түрлі дүкендерде жасалған төлемдер туралы хабарламалар келе бастаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – елордада тұратын 47 жастағы әйел болып шықты.

Әйел адам картаны тұрғын үй ауласынан тауып алғанын мойындады. Бірақ оны иесіне қайтарудың орнына, екі күн бойы дүкендерден азық-түлік сатып алып, картадағы ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Залал мөлшері – 50 мың теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: