400-ден астам жүргізуші сұйық қалдықтарды заңсыз төгіп, қоқыс қалдырғаны үшін жауапқа тартылды

400-ден астам жүргізуші сұйық қалдықтарды заңсыз төгіп, қоқыс қалдырғаны үшін жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 19:47 Сурет: polisia.kz
Республикада "Таза Қазақстан" республикалық акциясы басталғаннан бері осы салада барлығы 300 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Астанадағы үйлердің бірінің іргелес аумағында құрылыс қоқыстарын тастап, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылды.

Полиция сұйық қалдықтарды рұқсатсыз төгу және қоқыстарды заңсыз шығару фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Өткен жылдың сәуір айынан бастап, яғни акция басталғаннан бері 400-ден астам жүк және ассенизаторлық көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды.

Ведомство мұндай құқық бұзушылықтар дрондар мен бейнебақылау камераларының көмегімен де тіркелетінін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: