Астанада қоқыс пен қарды заңсыз төккендер жауапқа тартылды
Сурет: polisia.kz
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері елордада 78 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды.
Мысалы, Абай даңғылы бойында қар үйіліп қалған. Жауаптылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігіне бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күн сайын қар тазалау жұмыстары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп, “iKomek-109” бірыңғай анықтамалық қызметімен бірлесе отырып, қоқысты және ағынды суларды, сонымен қатар қарды белгіленбеген орындарға төгетін тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Акция басталғалы бері 714 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript