Елордада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен 10 ұйым жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Елордада тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр.
Қалалық полиция құрылыс нысандарында рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда.
Құрылыс жұмыстары қаланың дамуына үлес қосады, алайда олар нормаларға сай әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізілуі маңызды.
Биылғы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 370-тен астам дерегі анықталды.
Тек соңғы апта ішінде құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге төккен 10 нысан жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript