Атырауда мұғалімнен "сарапшы" санатын бекіту үшін пара алғандар жазаланды

Атыраудың №2 соты қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісіне және басқаларға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол жергілікті мектептердің бірінің уақытша директоры арқылы үш мұғалімнен "сарапшы" санатын бекіту үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оларға 1,4 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript