Шымкентте пара алған антикордың экс-қызметкеріне қатысты сот басталды

Шымкентте пара алған антикордың экс-қызметкеріне қатысты сот басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 17:11 Сурет: freepik
Антикордың бұрынғы қызметкеріне қатысты сот басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығының экс-орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталған еді, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәуренбек Қожабаевқа мектеп директорынан қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін 42 млн теңге алды деп айып тағылды. 46 жастағы Қожабаев тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол Түркістан облысында ұсталды.

"2022 жылдың 14 қыркүйегінде департамент №132 жалпы білім беретін мектептің директоры Қаштановаға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеуді бастады. Бұл тергеу Сағымбаеваны осы мектепте мұғалім ретінде жұмысқа орналастыру үшін делдал арқылы 1 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алу фактісі бойынша жүргізілді. Сол жылдың 28 қыркүйегінде аталған қылмыстық іс бойынша жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Қаштанованың ақша алғаны анықталды. Ал 4 қазанда Қаштанова осы қылмыстық іс бойынша ұсталды. Алайда ол Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін басшылық құрамнан бір қызметкерге пара беру туралы қылмыстық ниет ойластырған" Прокурор Мадияр Әбілқасымов

Мемлекеттік айыпталушының мәліметінше, мектеп директоры қалалық антикордың сол кездегі экс-басшысына шығудың жолын тапқан. Ал білім ұясының басшысы 2022 жылдың 8 желтоқсанында қайтыс болған.

Еске салайық, 2023 жылы Дәуренбек Қожабаевтың ағасы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мақсат Қожабаев кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: