Шымкенттегі жол апаты: бір адамның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 12:53 Сурет: видео скрині
Шымкентте мас күйінде көлік тізгіндеп, бір адамды өліміне себеп болған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға былтыр қарашада Шымкентте болған.

"ВАЗ 2107" маркалы көлікті басқарып келе жатқан ер адам бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан "ВАЗ 21099" маркалы көліктегі жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

"Сот Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: